Виктор Мозес «Женіс» командасына қарсы «Қайсардың» жеңісі туралы пікір білдірді және Сатпаев жөнінде ойын айтты
«Қайсар» футболшысы Виктор Мозес Қазақстан кубогының жартылай финалындағы «Женіс» командасына қарсы матчтан кейін блогер AmanVibe-ке сұхбат берді. Ойыншы капитандық таңғыш, команданың қарымта кездесуге дайындығы және Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» болашағы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Виктор Мозес Қазақстан кубогының жартылай финалындағы «Қайсар» мен «Женіс» арасындағы ойынды қорытындылады.
«Бүгін біздің капитанымыз ойнай алмады, сондықтан ол маған капитандық таңғышты табыстады. Алаңда өз міндетімді орындауға, жігіттерге көмектесуге, оларды жігерлендіруге және командаға қосымша серпін беруге тырыстым. Осылайша біз өз ойынымызды көрсетіп, жеңіске жеттік», – деді Мозес.
Мозес команда өз міндетін сәтті атқарып, қажетті нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.
Футболшы «Қайсар» өз ойынын көрсетіп, маңызды матчта жеңіске жеткенін айтты. Оның пікірінше, кубоктық бәсекеде әрбір сәт шешуші рөл ойнайды.
Виктор Мозес командаға Қазақстан кубогы мен чемпионатының арасында дұрыс тепе-теңдік сақтау қажет екенін ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, әрбір матчты жеке қарастырып, тек келесі ойынға толық назар аудару керек.
«Әрине, чемпионат пен кубок ойындарының айырмашылығы бар. Бірақ бізде жеңіске жетуге мүмкіндік болса, әр кездесуде бар күшімізді салып, жеңіске ұмтыламыз», – деді Мозес.
Нигериялық футболшы Қазақстан кубогында команда жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтты.
Енді «Қайсардың» мақсаты – осы қарқынды сақтап, чемпионат матчтарына да сенімділікті жеткізу. Мозестің пікірінше, команда дәл осындай көңіл-күймен ойнаса, нәтиже де жақсарады.
«Әлі ештеңе аяқталған жоқ. Біздің футболшыларға сенемін. Бұл міндетті орындай алатынымызға сенемін және финалға шығуға қабілеттіміз. Бірақ бұл оңай болмайды. Біз жаттығуды жалғастырамыз және финалға өту үшін бар күшімізді саламыз», – деді Мозес.
Сұхбат барысында футболшы Дастан Сатпаевқа қатысты сұраққа да жауап берді.
Қазақ шабуылшысы бұған дейін Лондонның «Челси» командасының маусым алдындағы матчында гол соғып, жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырған еді.
Мозес жас ойыншы үшін қуанышты екенін айтты, бірақ Сатпаевқа алда әлі ұзақ жол күтіп тұрғанын атап өтті.
«Ол әлі өте жас және көп нәрсе үйренуі керек. Мен оған қуаныштымын. Әрине, ол «Челси» сапында маусым алдындағы ойында гол соқты. Бұл оған қосымша серпін беріп, өзіне деген сенімділігін арттырады және еркін ойнауына көмектеседі. Қазір тек маусым алдындағы дайындық жүріп жатыр. Сондықтан бұл кезеңнен ләззат алсын, ал маусым басталғанда бәрін бірге көретін боламыз», – деді футболшы.
Виктор Мозес командалық жұмыстың маңыздылығын, капитандық таңғыштың рөлін және кубоктық қарсыласудың бірінші бөлігінен кейін босаңсуға болмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, ол Дастан Сатпаевты қолдап, оның жолына сабырмен қарауға шақырды.