locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Мозес \"Қайсар\" сапындағы алғашқы голын соқты

Пенальтиден, бірақ Қызылордадағы голдардың басы ашылды
Видео: Мозес "Қайсар" сапындағы алғашқы голын соқты
ФОТО: Кайсар
Қазақстан Кубогы
29.07.2026, Аяқт.
Кайсар
3
Женіс
1

Лондондық "Челси" клубының бұрынғы шабуылшысы Виктор Мозес "Қайсар" сапында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Нигериялық шабуылшы Қызылордалық ұжымдағы голдарының есігін Қазақстан Кубогының жартылай финалының бірінші матчында "Жеңіске" қарсы ашты. Алдымен төртінші минутта ол Нұралы Жақсылыққа нәтижелі пас берсе, бірінші таймның соңында өзі пенальтиден гол соқты.

Осылайша, Мозеске "Қайсар" сапында алғашқы голын соғу үшін 12 матч қажет болды. Бұған дейінгі 11 кездесуде нигериялық футболшы тек екі нәтижелі паспен шектелген еді.

Мозес жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт алаңға шықпаған болатын. Ол шілде айының соңында "Елімайға" қарсы чемпионат матчында алаңға 68 минут шыққанымен, есепке әсер ете алған жоқ.

Нигериялық футболшы "Қайсар" сапында 2026 жылдың басынан бері өнер көрсетеді. Оның мансабында "Челси"-ден бөлек, Мәскеудің "Спартагы", "Ливерпуль", "Фенербахче" және "Интер" клубтары да бар.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie