Вигингтер «Кайратқа» қарсы матчқа билет сатылымын ашты: Баға жағынан Алматыға жетті ма?
Даниялық «Копенгаген» Чемпиондар Лигасының бесінші турында алматылық «Кайратқа» қарсы өтетін матчқа билет сатылымы басталғанын хабарлады. Қонақтар үшін билеттің бағасы 45 € (шамамен 27 000 теңге).
Ойын 26 қарашада «Паркен Стадион» аренасында өтеді, стадионның сыйымдылығы — 38 000 көрермен. Салыстырып көрер болсақ, Миланда «Интерге» қарсы «Кайрат» ойындарына билеттер тек 7 000 теңге тұратын, яғни үш есе арзан болған. Дегенмен, даттық командаға қарсы билеттердің бағасы әлі де «Пафос» пен «Реалға» қарсы үйдегі ойындарға қарағанда төмен - олар 30 000 теңгеден басталған еді.
Төрт турдан кейін «Кайрат» «Пафосқа» қарсы өз алаңындағы тең ойын арқасында бір ұпай жинап, кестеде 34-орында тұр. Келесі матчта команда үйде, 12 желтоқсанда «Астана Аренада» гректің «Олимпиакосын» қабылдамақ.