Видео. Жоау Педроның соққысы «Челсиді» «Флуминенсе» қарсы матчта алға шығарды
АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы «Метлайф» стадионында клубтар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалы басталды. Бұл ойында Лондонның «Челси» клубы Бразилияның «Флуминенсе» командасымен кездесуде.
Кездесу әсерлі басталды: 18-минутта Жоау Педро есеп ашып, ағылшын ұжымын алға шығарды. Жас шабуылшы өзіне берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланып, командасын финалға бір қадам жақындатты.
Энцо Мареска баптайтын «Челси» алғашқы минуттардан бастап ойын тізгінін қолға алды – допты бақылап, жоғары қарқынмен шабуыл ұйымдастыруда. «Флуминенсе» жылдам қарсы шабуылдарға үміт артып отыр, алайда лондондықтардың қорғанысы мығым әрі ұйымдасқан ойын көрсетуде.
Жартылай финалдың жеңімпазы 13 шілдеде өтетін финалға жолдама алады. Шешуші ойында олардың қарсыласы – «Реал» мен «ПСЖ» арасындағы жұптың жеңімпазы болмақ.