locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Финалға бір қадам қалды. Педро жартылай финалда «Челси» үшін дубль жасады

«Челси» алғашқы жартылай финалда сенімді ойын көрсетуде
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Видео. Финалға бір қадам қалды. Педро жартылай финалда «Челси» үшін дубль жасады
ФОТО: Getty images

2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында Лондонның «Челси» командасы бразилиялық «Флуминенсе» клубына қарсы тартысты ойын өткізуде. Кездесу АҚШ-тың Нью-Джерси қаласындағы әйгілі «Метлайф» стадионында өтуде.

Ойынның 18-минутында есепті шабуылшы Жоау Педро ашты. Ал 57-минутта сол ойыншы дубль жасап, ағылшын ұжымының басымдығын еселей түсті. Бұл екі гол да «Челсидің» жоғары деңгейде ұйымдастырылған шабуылы мен Педроның шебер аяқтау шеберлігінің нәтижесі болды.

«Флуминенсе» ойыншылар да қарсы шабуылдар арқылы жауап қатуға тырысып жатыр. Алайда Энцо Мареска шәкірттерінің қорғанысы сенімді ойын көрсетіп, ойын ырғағын өз бақылауында ұстап тұр. Айта кету керек, бірінші тайм барысында бас төреші «Челсидің» қақпасына пенальти белгілеген болатын. Алайда VAR жүйесі арқылы эпизод қайта қаралып, 11 метрлік соққының күші жойылды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie