«Челси» - «Флуминенсе» - 2:0. Педро шашып тастады. Голдар және матчқа бейнешолу
8 шілдеден 9 шілдеге қараған түні АҚШ-та өткен 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық ойынында Лондонның «Челси» командасы Бразилияның «Флуминенсе» клубын 2:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Кездесу Нью-Джерси қаласындағы әйгілі «Метлайф» стадионында өтті және ағылшын ұжымының сенімді ойынымен есте қалды.
«Челсидің» бұл ойындағы шешуші тұлғасына айналған – шабуылшы Жоау Педро. Ол ең алдымен 18-минутта қарсылас қорғанысының қателігін ұтымды пайдаланып, есеп ашты. Ал екінші таймда позициялық тұрғыда қателескен бразилиялық қорғаушыларды жазалап, дубль авторы атанды.
«Флуминенсе» ойыншылары есепті қысқартуға тырысты, алайда Энцо Мареска шәкірттері аса жинақы ойнап, барлық аймақты сенімді жапты. Допқа иелік ету мен ойын ырғағын бақылау тұрғысынан «Челсидің» артықшылығы бүкіл матч бойы анық сезілді.
Матч барысында даулы жағдай да орын алды: бірінші таймда төреші Трево Чалобаның қолмен ойнағанын байқап, пенальти белгіледі. Алайда VAR жүйесімен қайта қаралған эпизодтан кейін бұл шешімнің күші жойылды.
Матчтың толық бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.