«Челси» – «Флуминенсе». Онлайн көру. Live трансляция
9 шілде күні футбол жанкүйерлері Клубтық әлем чемпионаты-2025 турниріндегі ең қызықты ойындардың біріне куә болады - жартылай финалда Бразилияның «Флуминенсе» және Англияның «Челси» командалары кездеседі.
Матч АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Метлайф-стэдиумда» өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша түнгі 00:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
«Флуминенсе» өз тобында (F) екінші орын алып, плей-офф кезеңінде алдымен Италияның «Интер» клубын 2:0 есебімен жеңді, кейін Сауд Арабиясының «Аль-Хилялынан» 2:1 есебімен басым түсті.
Ал «Челси» D тобында екінші орын иеленіп, 1/8 финалда Португалияның «Бенфикасын» қосымша уақытта 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалда Бразилияның «Палмейрасын» 2:1 есебімен жарыстан шығарды.
Клубтық әлем чемпионаты қазіргі уақытта АҚШ-та өтіп жатыр. Турнирге алты құрлықтың үздік 32 командасы қатысуда. Финалдық матч 13-інен 14 шілдеге қараған түні сол «Метлайф Стадиумда», Нью-Джерсидегі Ист-Ратерфорд қаласында өтеді.