locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Тухель Англия құрамасының әлем чемпионатына арналған тізімі жайлы пікір білдірді

Тухель Англияның әлем чемпионатына арналған құрамын қалай жасақтағанын айтты
Видео: Тухель Англия құрамасының әлем чемпионатына арналған тізімі жайлы пікір білдірді
ФОТО: Getty images

Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған қорытынды құрамға қатысты шешімін алғаш рет кеңінен түсіндірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

22 мамырда Англия құрамасы алдағы мундиальға қатысатын соңғы тізімді ресми түрде жариялады. Осыдан кейін команда төңірегінде бірден қызу талқылау басталды. Жанкүйерлер мен сарапшылар бірнеше жұлдызды футболшының құрамнан тыс қалғанына таңғалды.

Тухель бірқатар жұлдызды ойыншыны тізімге қоспады

Қорытынды құрамға Трент Александер-Арнольд, Фил Фоден, Коул Палмер, Харри Магуайр, Люк Шоу, Фикайо Томори, Льюис Холл, Адам Уортон және Морган Гиббс-Уайт енген жоқ.

Англия Хорватия және Ганамен бір топта ойнайды

2026 жылғы әлем чемпионатында Англия құрамасы L тобында өнер көрсетеді. «Үш арыстанның» қарсыластары - Хорватия, Гана және Панама құрамалары.

Әлем біріншілігі 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Sports24.kz назарларыңызға Томас Тухельдің баспасөз мәслихатын ұсынады. Онда бапкер Англия құрамасының әлем чемпионатына арналған өтінімін неге дәл осылай жасағанын кеңінен түсіндірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie