locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Сатпаевтың «Линкольнге» қарсы матчтағы барлық әрекеті

Қазақстан құрамасының шабуылшысы алаңда бір сағатқа жуық уақыт өткізді
Футбол
ФОТО: Бернли
Чемпионшип Англия
24.10.2026, Аяқт.
Линкольн Сити
4
Бернли
1

Ағылшындық «Бернли» Дастан Сатпаевпен бірге Чемпионшиптің 12-туры аясында «Линкольннен» (1:4) ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы матчты алғашқы минуттардан бастап, алаңда бір сағатқа жуық уақыт өткізді. Алайда нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Дастан алаңда өткізген 59 минут ішінде қарсылас қақпасына бір дәл соққы бағыттады, қарсыластың айып алаңында допқа төрт рет тиді және бір шешуші пас берді. Оның қарсылас айып алаңына бағыттаған пастарының дәлдігі 100%-ды (2/2) құрады. Сатпаевтың барлық пастарының дәлдігі 83% (15/18) болды.

Бұған дейін Сатпаев «Бернли» сапында «Линкольнге» қарсы өткізген матчтағы бағасын білді.

Айта кетейік, Ники Хайеннің командасы 12 ойыннан кейін 8 ұпай жинап, Чемпионшип турнирлік кестесінде 22-орында тұр және төменгі лигаға түсіп қалу аймағында орналасқан. Чемпионаттың келесі турында «бордолылар» 31 қазанда «Портсмутты» қабылдайды.

Назарларыңызға Сатпаевтың «Линкольнге» қарсы матчтағы барлық хайлайттарын ұсынамыз

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie