locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Германия құрамасының ойыншылары жанкүйерлердің шешуші матчқа стадионға бару шығындарын өтейді

Футболшылар жолақысы қымбаттаған жанкүйерлерге қолдау көрсетеді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Германия құрамасының ойыншылары жанкүйерлердің шешуші матчқа стадионға бару шығындарын өтейді
ФОТО: Getty Images

Көлік шығындарының күрт өсуі АҚШ-қа келген неміс жанкүйерлері үшін үлкен мәселе болды. Бұл жағдайға ұлттық құраманың футболшылары көмекке келді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Германия футбол одағының мәлімдемесіне сәйкес, олар Эквадорға қарсы топтық кезеңдегі соңғы матч өтетін Нью-Джерсидегі стадионға Нью-Йорктан 600 жанкүйерді жеткізу үшін жолақысын төлейді.

«Әлем чемпионаты кезінде Нью-Йорктегі автобус пен пойыз бағасының жоғары болуына байланысты Германия құрамасының ойыншылары топтық кезеңнің соңғы матчы үшін 600 жанкүйерге тегін көлік ұйымдастырды.

Капитан Йозуа Киммих пен оның командаластары Нью-Йорктан Нью-Джерсидегі Эквадорға қарсы матч өтетін стадионға жанкүйерлерді тасымалдайтын автобустардың ақысын өз мойындарына алды», — деп Германия футбол одағының мәлімдемесін BBC келтіреді.

Стадионға пойызбен барып-қайту құны әдетте 12,90 доллар болса, әлем чемпионаты матчтары кезінде ол 98 долларға дейін көтерілді. Ал бастапқыда тасымалдаушы бұл бағаны 150 доллар етуге ниеттенген еді, кейін төмендеткен.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie