locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: «Ақтөбе» «Каспийді» сырт алаңда жеңді

Черевченко шәкірттері қарсылас қақпасына қонақта екі гол соқты
ФОТО: «Актобе»
Қазақстан Премьер-Лигасы
12.09.2026, Аяқт.
Каспиу Актау
1
Актобе
2

«Каспий» Ақтауда Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясындағы матчта «Ақтөбені» қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Игорь Черевченко командасы қарсыласын сырт алаңда 2:1 есебімен жеңді. Қонақтар екі голды да әр таймда бір-бірден соқты.

Алдымен Шушеначев пенальтиді сәтті орындай алмай, ақтөбеліктердің көңілін қалдырды. Алайда Даниэль Соса қайтарылған допты дәл соғып, матчтағы есепті ашты. Екінші таймда Шейи Оджо «Ақтөбенің» басымдығын еселеп, жеңіске деген қадамды нықтай түсті.

Алаң иелері берілмей, Бернардо Моргадоның голымен есеп айырмасын қысқартты. Алайда бұдан көп нәрсеге олардың уақыты жетпеді.

Осы нәтижеден кейін «Ақтөбе» 41 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орынға орнықты. Ал «Каспий» 26 ұпаймен оныншы орында қалды.

ҚПЛ, 26-тур

«Каспий» – «Ақтөбе» 1:2

Голдар: Моргадо, 87 – Соса, 39; Оджо, 72.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie