Уразбахтин «Каспийге» қарсы «Қайраттың» құрамын атады
5 қыркүйек, сенбі күні Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турынан кейінге шегерілген матч өтеді. Онда «Каспий» «Қайратты» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ақтауда өтетін КПЛ матчының басталу ысқырығы 17:00-де соғылады. Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport және SPORT+ телеарналарында, сондай-ақ KFF League YouTube-арнасында қолжетімді болады.
Командалардың бас бапкерлері матчқа арналған құрамдарын жариялады.
«Каспий»: Жомарт (Қ) – Тайкенов (К), Қадырбаев, Моргадо, Арипов – Серікбай, Қабылан, Дэвид Эптон, Ндомбаси, Кучерявый – Силла Кеба;
Қосалқы құрам: Аязбаев (Қ), Андрин – Құрбанов, Елемес, Набиханов, Байдавлетов – Умаев, Арменов, Жазмағанбетов;
«Қайрат»: Анарбеков (Қ) – Луиш Мата, Кургин, Мартынович (К), Тапалов – Садыбеков, Байбек, Мендонса, Мрынский – Эдмилсон, Гуаль.
Қосалқы құрам: Қалмұрза (Қ) – Африко, Нұрғалиев – Қасабулат, Әбіш, Оксанен, Тұяқбаев – Бекболат.
Айта кетейік, командалар турнирлік кестенің әртүрлі бөлігінде келеді. «Қайрат» чемпиондық титул үшін «Ордабасымен» бәсекеде қуып жетуді жалғастыруда. Ал алаң иелері оныншы орында тұр.