УЕФА Қазақстан үшін Ұлттар лигасына қатысты маңызды жаңалықтарды жариялады
УЕФА Атқарушы комитеті Ұлттар лигасының форматына өзгерістер енгізді. Олар, соның ішінде, Қазақстан құрамасының турнирлік жағдайына тікелей қатысты, деп хабарлайды Sports24.kz.
УЕФА Ұлттар лигасындағы D лигасын жойып, осылайша 2028 жылы турнирдің ең төменгі лигасына айналатын С лигасынан төмен түсу мүмкіндігін алып тастады. Енді Қазақстан құрамасы тек жоғарылау үшін күреседі, мұнда да өзгерістер енгізілді.
Бұрынғыдай, топ жеңімпазы В лигасына тікелей көтеріледі, ал топта екінші орын алған команда В лигасына қатысу құқығы үшін плей-оффта ойнайды. Алайда енді оның қарсыласы В лигасының үшінші командасы емес, төртінші командасы болады.
Нәтижесінде 2028 жылдың күзінен бастап 54 команда үш лигаға бөлініп, әрқайсысында 18 командадан болады. Әр лигада алты командадан үш топ құрылады. Командалар «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша бір айналым ойнайды, бірақ кейбір қарсыластарымен екі рет кездесуге тура келеді. Матчтар бұрынғыдай қыркүйек, қазан және қараша айларында өтеді.
Еске салайық, алдағы турнирде Джон ван’т Схиптің шәкірттері Молдова, Словакия және Фарер аралдарының құрамаларымен ойнайды. Қазақстан құрамасының алдағы төрт матчқа арналған өтінімі бұған дейін белгілі болды.
