ҚПЛ мен Өзбекстаннан ойыншылар Қазақстанға қарсы матчқа шақырылды
Молдова футбол федерациясы Ұлттар лигасындағы құраманың алдағы матчтарына шақырылған легионерлер тізімін жариялады. Олардың арасында 2 қазанда Астанада Қазақстанға қарсы өтетін матчқа қатысатын ойыншылар да бар, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Легионерлер» тізімінде Орталық Азия клубтарының өкілдері бар. Олардың қатарында «Қызылжардың» қақпашысы Дмитрий Челядник, қырғызстандық «Азия Талас» командасының қақпашысы Андрей Кожухарь бар. Ол Ровноның украиналық «Верес» клубынан жалға алынған. Сондай-ақ тізімде Самарқандтың өзбекстандық «Динамосының» жаңадан қосылған ойыншысы Михаил Штефан бар.
- Сондай-ақ оқыңыз: Словакия қорғаушысы Ұлттар лигасындағы матч қарсаңында Қазақстанға сын-қатер тастады
Қазақстан құрамасы легионерлер арасынан тағы кімдерден қауіптенуі керек десек, олар — «Андерлехт» пен Львовтың «Карпаты» қорғаушылары Олег Рябчук және Владислав Бабогло.
Молдова құрамасының толық өтінімі әлі жарияланған жоқ, алайда оның құрамында ішкі біріншілікте өнер көрсетпейтін 16 футболшы болатыны белгілі.
Еске салайық, командалар арасындағы алғашқы матч 2 қазанда сағат 19:00-де Қазақстан астанасындағы «Астана Аренада» өтеді. Ал екінші ойын топтық кезеңнің бесінші турында ұйымдастырылады. Ол 13 қарашада Астана уақытымен 21:00-де Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді.
