Сарапшы Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» болашағын жоғары бағалады
Ресейлік футбол комментаторы Тимур Журавель Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың ағылшын футболындағы болашағын бағалады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Маған Дастанның бастапқы позициясы ұнайды, ол жігерлі, бұл гранитті тістеп кеміруге дайын. Өз мүмкіндігін көрсетуі үшін бәрі бар. Тек жұмыс істеу керек, сәтсіздіктер болса, мойымау, онымен күресу, шыдау қажет. Әртүрлі кезеңдер болады. Егер шындықты қабылдауға дайын болса, бәрі мүмкін. Әрине, оның бірнеше жылдан кейін «Челси» сапында негізгі құрамда тұрақты ойнайтынына ешкім жауап бере алмайды.
Алайда өзінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, оның Англияның қандай да бір командасында көзге түсетін ойыншы бола алатынына күмәнім жоқ. «Бернлидегі» алғашқы апталарынан-ақ Дастан жекелеген матчта үздік ойыншы жүлдесін алып, журналистер мен бапкерлердің назарын аударып жүр. Сатпаев осы уақыт аралығында-ақ үлкен жұмыс атқарды», — деді Тимур Журавель.
Еске салайық, лондондық «Челси» клубына тиесілі Дастан Сатпаев «Мидлсброға» қарсы Чемпионшип матчында жоғары тиімділік көрсетіп, команданың ең көзге түскен ойыншыларының біріне айналды. Өкінішке қарай, ойыншы жарақат алып, клубтың алдағы бірнеше матчын өткізіп алады. Дастан Сатпаев британдық жанкүйерлердің де біртіндеп мойындауына ие болып келеді.
Сатпаевтың жарақатынан қанша уақыт қалпына келетіні әзірге белгісіз, бірақ шабуылшы Қазақстан құрамасының алдағы Ұлттар лигасы матчтарына қатыса алмайтыны анық. Джон ван ’т Схиптің шәкірттері 26 және 29 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы, сондай-ақ 2 және 6 қазанда өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарына қарсы ойнайды.