locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Молдова Қазақстанмен матчқа соңғы өтінімін жариялады

Лилиан Попеску таңдаған тізімде бар болғаны 25 футболшы бар
Молдова Қазақстанмен матчқа соңғы өтінімін жариялады
ФОТО: fmf.md

Молдова футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасындағы ұлттық құраманың алдағы матчтарына арналған өтінімді жариялады. Олардың қатарында Қазақстанға қарсы ойын да бар, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері Лилиан Попеску қыркүйек-қазан айларындағы терезеде 25 футболшыға сенім артады. «Қызылжар» қақпашысы Дмитрий Челядниктің шақырылғаны бұған дейін белгілі болған, енді «легионерлік» өтінімге Молдова чемпионатындағы ішкі біріншіліктің сегіз өкілі қосылды:

  • Қақпашылар: Дмитрий Челядник («Қызылжар», Қазақстан), Андрей Кожухарь («Азия Талас», Қырғызстан), Эмиль Тымбур («Шериф»)
  • Қорғаушылар: Олег Рябчук («Андерлехт», Бельгия), Иоан-Цалин Ревенко («Петрокуб»), Владислав Бабогло («Карпаты» Львов, Украина), Даниел Думбравану («Волунтари», Румыния), Михаил Герасименков («Ванкувер Уайткэпс», Канада), Михаил Штефан («Динамо» Самарқанд, Өзбекстан), Юрие Иову («Данди Юнайтед», Шотландия), Кэтэлин Кукож («Петрокуб»)
  • Жартылай қорғаушылар: Вадим Раца («Арджеш» Питешти, Румыния), Никита Моцпан («СКА-Хабаровск», Ресей), Виктор Стына («Кяпаз», Әзербайжан), Кристиан Дрос («Влазния», Албания), Штефан Бодиштяну («Ботошани», Румыния), Серафим Кожокарь («Петрокуб»), Сергей Перчун («Асколи», Италия), Ники Клешченко («Килмарнок», Шотландия), Данила Форов («Шериф»), Владимир Фратя («Шериф»), Овидиу Давид («Петрокуб»)
  • Шабуылшылар: Вирджилиу Постолачи («Брисбен Роар», Аустралия), Дмитрий Мандрыченко («Динамо» Батуми, Грузия), Петру Попеску («Петрокуб»)

Еске салайық, алдағы Ұлттар лигасы терезесі аясындағы Молдова мен Қазақстан арасындағы алғашқы матч 2 қазанда Астанада өтеді. Командалар қарымта кездесуді 13 қарашада Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өткізеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының алдағы Ұлттар лигасы матчтарына арналған Джон ван’т Схип таңдаған өтінімі де белгілі болған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie