locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Соболенко Рыбакинамен US Open финалындағы әрекеті үшін айыппұл төледі

US Open ұйымдастырушыларының құжаттарына сәйкес, беларусьтік теннисшіге 7,5 мың доллар көлемінде айыппұл салынған
ФОТО: Getty Images

Беларусьтік теннисші Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатының финалында жеңіліс тапқаннан кейін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл туралы журналист Михал Самульский X әлеуметтік желісінде жариялаған турнир ұйымдастырушыларының құжатында айтылған.

Рыбакинамен өткен матчтан кейін беларусьтік теннисші орындыққа отырып, эмоциясын тежей алмай, ракеткасымен кортты бірнеше рет ұрып, оны сындырып тастаған. Оператор оған жақындаған кезде Соболенко ағылшын тілінде балағат сөз айтып, өзін жалғыз қалдыруды сұраған.

US Open ұйымдастырушыларының құжаттарына сәйкес, беларусьтік теннисшіге 7,5 мың доллар көлемінде айыппұл салынған.

Ал US Open турниріндегі ең ірі айыппұл Аргентина өкілі Луисина Джованниниге салынды. Ол жарақатына байланысты іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуін италиялық Лючия Бронцеттиге қарсы 17 минуттан кейін, есеп 0:5 болып тұрған кезде жалғастырудан бас тартқан. Аргентиналық теннисші кәсіби стандарттарға сәйкес келмейтін өнер көрсеткені үшін 20 мың доллар айыппұл арқалады.

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы US Open финалында қазақстандық Елена Рыбакинадан 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңілді. Алайда турнирдің финалына дейін-ақ беларусьтік теннисшінің WTA рейтингіндегі бірінші орнын Рыбакинаға беретіні белгілі болған еді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie