locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

УЕФА Қазақстан құрамасының 2027 жылға арналған күнтізбесін бекітті

Көктемдегі матчтардың нақты күндері Ұлттар лигасының қорытындысы бойынша анықталады
УЕФА Қазақстан құрамасының 2027 жылға арналған күнтізбесін бекітті
ФОТО: KFF

УЕФА әкімшілігі 2027 жылғы наурыз және маусым айларында ұлттық құрамалар арасында өтетін матчтардың негізгі күндерін бекітті. Оларға Ұлттар лигасы топтық кезеңінің нәтижелері айтарлықтай әсер етеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

УЕФА ұлттық федерацияларға жолдаған хатқа сәйкес, наурыз айындағы терезенің басым бөлігі Ұлттар лигасының плей-офф матчтарын өткізуге бөлінді: 25 және 27 наурызда ширек финалдың алғашқы матчтары, сондай-ақ А және В лигаларында ойнау құқығы үшін өтетін плей-офф кездесулері өтеді, ал 28 және 30 наурызда қарымта ойындар ұйымдастырылады.

Терезенің қалған күндерінде, яғни 26 және 29 наурызда 2028 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің бірінші және екінші тур матчтары өтеді. Оларға Ұлттар лигасының плей-офф ойындарына қатыспайтын командалар шығады (негізінен өз топтарында бірінші немесе соңғы орын алған құрамалар). Жолдастық кездесулер терезенің кез келген күнінде өтуі мүмкін.

Сондай-ақ УЕФА маусым айында Ұлттар лигасының «финалдық төрттігін» өткізу үшін үш күнді белгіледі: 9, 10 және 13 маусымда ұлттық құрамалар арасында басқа ешқандай матч өтуі мүмкін емес. Ал Еуро-2028 іріктеу ойындары 11-12 маусымда (үшінші тур) және 14-15 маусымда (төртінші тур), жолдастық кездесулер сияқты, өткізіледі.

Күзгі ұлттық құрамалар терезесінде УЕФА ешқандай күнді алдын ала бекітпейді. Сондықтан Қазақстанның іріктеу матчтары 2027 жылғы 23 қыркүйек пен 5 қазан аралығындағы кез келген күні, сондай-ақ 11-16 қараша аралығында өтуі мүмкін.

Осылайша, Джон ван’т Схип шәкірттерінің алдағы Ұлттар лигасындағы нәтижелері 2027 жылдың алғашқы жартысындағы ұлттық құраманың күнтізбесін алдын ала анықтап қоюы мүмкін. Бұл 2028 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу жеребесін күтпей-ақ жүзеге асады. Іріктеу жеребесі 6 желтоқсанда Кардиффте, ал Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің ықтимал жеребесі 20 қарашада Ньонда өтеді.

Еске сала кетейік, 2027 жылғы наурызда Ұлттар лигасының С лигасында қалу құқығы үшін матчтар өтпейді. Себебі 2028 жылғы турнирден бастап бұған дейін ең төменгі дивизион болған D лигасы жойылады. Сондықтан келесі жылы Қазақстан тек жоғары дивизионға көтерілу үшін өтетін матчтарға қатыса алады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie