Қазақстандық әлем чемпионы боксшы күтпеген жерден Әлем кубогында жеңілді
Қазақстандық әлем чемпионы Наталья Богданова Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sports24.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалдық жекпе-жекте Богданова ринг қожайыны Бао Цзымен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімі бойынша 1:4 есебімен ұтылды.
Осылайша, Богданова турнирдегі өнерін аяқтады.
Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде Ливерпульде (Англия) қазақстандық спортшы алғаш рет әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. 70 келіге дейінгі салмақтағы финалда ол Австралиялық Лекейша Перголитиді айқын басымдықпен жеңген еді.
Бұған дейін өз жекпе-жектерінде Серік Теміржанов пен Сабыржан Аққалықов, сондай-ақ Нұрбек Оралбай жеңіске жеткен болатын.
World Boxing Әлем кубогы Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтуде. Турнирге әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысуда.