locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Төрт гол және Сәтпаевтың есепке алынбаған нәтижелі пасы: «Уотфорд» - «Бернли» матчының бейнешолуы

«Бернли» Чемпионшиптің биылғы маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Төрт гол және Сәтпаевтың есепке алынбаған нәтижелі пасы: «Уотфорд» - «Бернли» матчының бейнешолуы
ФОТО: Getty images
Чемпионшип Англия
10.10.2026, Аяқт.
Уотфорд
0
Бернли
4

Англия Чемпионшипінің тоғызыншы турында «Бернли» сырт алаңда «Уотфордты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу төрт голмен ғана емес, 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жарақаттан кейін алаңға оралуымен де есте қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Никки Хайен шәкірттері алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, бірінші таймның ортасына қарай үш доп айырмасымен алға шықты.

13-минутта Рео Хататэнің пасынан кейін Якоб Бруун Ларсен есеп ашты. Арада алты минут өткенде Зеки Амдуни қонақтардың басымдығын еселей түсті. Ал 25-минутта Лукас Пирестің нәтижелі пасын ұтымды пайдаланған Хататэ үшінші голды соқты.

Үзілістен кейін «Уотфорд» ойын барысын өзгертуге тырысқанымен, алаң иелері қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Керісінше, 87-минутта Маркус Эдвардс есепті 4:0-ге жеткізді.

Кездесудің соңғы минуттарында Дастан Сәтпаев та нәтижелі әрекетімен көзге түсе жаздады.

Жарақатына байланысты шамамен бір жарым ай алаңға шықпаған қазақстандық футболшы 74-минутта Бруун Ларсеннің орнына ойынға қосылды. Ал 89-минутта матчтың ең қызықты сәттерінің біріне қатысты.

«Бернлидің» кезекті шабуылында Джейми Варди қақпашымен бетпе-бет шыққанымен, қарсылас голкипері оның аяғынан допты қағып үлгерді. Қайта серпілген допқа бірінші жеткен Сәтпаев оны Вардиге қайтарып берді. Тәжірибелі ағылшын шабуылшысы допты қақпаға енгізгенімен, төрешілер офсайдты тіркеп, голды есепке алмады.

Осылайша, Сәтпаев «Бернли» сапындағы алғашқы нәтижелі пасын тіркеу мүмкіндігін пайдалана алмады.

Айта кетейік, бұған дейін «Бернли» қатарынан сегіз тур бойы жеңіске жете алмаған еді. «Уотфордқа» қарсы ірі жеңіс командаға сәтсіз сериясын тоқтатып, жаңа маусымдағы алғашқы үш ұпайын еншілеуге мүмкіндік берді.

Назарларыңызға «Уотфорд» пен «Бернли» арасындағы кездесудің видео шолуын ұсынамыз. Бейнежазбадан төрт голды және Дастан Сәтпаевтың пасынан кейін есепке алынбаған голды тамашалай аласыздар.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie