locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Трофейді Шымкентке алып келу үшін барымызды саламыз» – Лео Натэл

«Ордабасы» командасының негізгі ойыншысы Қазақстан кубогының финалына шығу туралы
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Трофейді Шымкентке алып келу үшін барымызды саламыз» – Лео Натэл
ФОТО: ФК Ордабасы
Қазақстан Кубогы
19.08.2026, Аяқт.
Алтай
1
Ордабасы Шымкент
2

Бразилиялық жартылай қорғаушы Лео Натэл Қазақстан кубогының жартылай финалындағы Өскеменнің «Алтай» командасына қарсы жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде көш бастап тұрған шымкенттік команда ел кубогын жеңіп алуға тағы бір маңызды қадам жасады. Турнирдің қарымта кездесуінде «Ордабасы» «Алтайды» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Голдарды «Ордабасы» шабуылшысы Бьорн Йонсен мен жартылай қорғаушы Жасұлан Әмір соқты. Айта кетейік, алғашқы ойында да шымкенттіктер қарсыластарын 3:1 есебімен жеңген болатын.

«Финал өте шиеленісті өтеді»

«Ұзақ әрі қажырлы еңбектен кейін біз басты мақсатымызға – финалға шығуға қол жеткіздік. Бұл ойын өте ауыр өтті, бізден барынша шоғырлануды талап етті. Екі матчтың айырмашылығы? Біріншісі өз алаңымыз – Шымкентте өтті, ал үйде біз әлдеқайда сенімді ойнаймыз. Екінші кездесуде қиындықтар болды, себебі жасанды алаңда ойнау ойынның стилін өзгертеді. Бірақ жанкүйерлеріміздің қолдауының арқасында біз жеңіске жетіп, финалға жолдама алдық – бұл ең маңыздысы! Менің ойымша, финал өте шиеленісті әрі күрделі болады. Дегенмен біз өз ойынымызды көрсетіп, қарсыласқа өз ырғағымызды таңуға тырысамыз және трофейді Шымкентке алып келу үшін барымызды саламыз», – деді Лео Натэл.

Қазақстан кубогының финалдық матчы 7 қарашада өтеді. Бас жүлде үшін «Ордабасы» мен екі ойында да астаналық «Жеңісті» жарыстан шығарған «Қайсар» тартысады.

Лео Натэл несімен танымал?

Лео Натэл футболға Португалияның «Бенфика» клубында баулу алған, кейін Бразилияның «Сан-Паулу», «Форталеза», «Коринтианс», «Новуризонтино» клубтарында, Кипрдің АПОЭЛ, АЕЛ (Лимасол) және «Пафос» командаларында, сондай-ақ Австралияның «Мельбурн Сити» клубында өнер көрсетті. Сарапшылардың айтуынша, ол «Ордабасы» шабуыл қуатын айтарлықтай күшейтті. Бұған дейін біз бразилиялық ойыншымен үлкен сұхбат жасап, ол «Челси» командасының бұрынғы футболшысы әрі үш әлем чемпионатына қатысқан Виллианмен таныстығы және Австралиядағы өмірі туралы әсерлерімен бөліскен еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie