«Төреші жанында болуы керек»: Моуринью Винисиусты алаңда қорғауға шақырды
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью Винисиус Жуниормен байланысты сәттердегі төрешілердің жұмысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Алаңдағы және одан тыс жағдайлар бар. Жанкүйерлердің реакциясына келсек – мен мұнда нәсілшілдік немесе гомофобияны емес, қарапайым жанкүйерлер тарапынан айтылатын әдеттегі тіл тигізулерді айтып отырмын – Винисиус бұл мәселеде қарсылас команданың жанкүйерлерімен қарым-қатынасын жақсырақ бақылауы керек деп ойлаймын», – деп келтіреді Моуриньюдің сөзін клубтың ресми сайты.
Сонымен қатар португалиялық маман мұндай сәттерде төрешінің жұмысы өте маңызды екенін атап өтті.
«Ал ойын барысында болатын соққылар, фолдар, пенальти және ашуды біртіндеп арттыратын барлық сәттер – бұл төрешінің жауапкершілігі. Мен матчты бастап, бірден соққы алсам – менің мінезіммен, мүмкін, бір минуттан кейін-ақ қызыл қағаз алар едім. Сондықтан төреші әрдайым жанында болып, барлық ойыншыларды және ойынды қорғауы тиіс. Бұл тұрғыда Винисиусқа көмектесу қиын деп ойлаймын. Бірақ сырт алаңдағы жанкүйерлермен қарым-қатынасын жақсартуға біз жұмыс істей аламыз», – деп қорытындылады ол.
Келесі ойынын «Реал» өз алаңында «Реал Сосьедадқа» қарсы 27 тамызда өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.