locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Өте қауіпті қарсыластар: «Тобыл» «Партизаннан» өтсе, кімдермен ойнауы мүмкін

Қажет болса, тіпті Еуропа лигасына да назар аудару керек болады
Өте қауіпті қарсыластар: «Тобыл» «Партизаннан» өтсе, кімдермен ойнауы мүмкін
ФОТО: ФК Тобыл

3 тамызда Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі өтеді, сол кезде өз мүмкін қарсыласын «Тобыл» да біледі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мирослав Ромащенконың шәкірттері жеребеде үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы — сербиялық «Партизанның» коэффициентіне байланысты, сеянды команда ретінде қатысады. Егер сол кезеңнен өтсе, плей-оффта келесі қарсыластардың біріне тап болуы мүмкін (жеребе — Астана уақытымен 17:00-де):

  • «Хетафе» (Испания)
  • «Твенте» (Нидерланды) – ДАК 1904 (Словакия) жұбының жеңімпазы
  • «Бейтар» Иерусалим (Израиль) – «Аустрия» Вена (Австрия) жұбының жеңімпазы
  • «Маккаби» Тель-Авив (Израиль) – ЦСКА София (Болгария) жұбының жеңіліске ұшырағаны

Еске салайық, 3 тамызда «Қайраттың» қатысуымен екі бірдей жеребе тартылады. Алматы командасы өз мүмкін қарсыласын Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының плей-офф іріктеу кезеңінде біледі. Рафаэль Уразбахтин шәкірттерінің еурокубоктың негізгі кезеңіне бір қадам қалғандағы қай турнирде ойнайтынын болгариялық «Левскимен» үшінші іріктеу кезеңіндегі ойындар шешеді.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie