Бұрынғы «Партизан» ойыншысы Конференция лигасындағы «Тобылға» қарсы матч алдында таңғалдырарлық мәлімдеме жасады
«Ордабасы» командасының сербиялық қорғаушысы Никола Антич Sports24.kz тілшісіне эксклюзивті сұқбат беріп, сербиялық «Партизан» мен қостанайлық «Тобыл» арасындағы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы алдындағы ойларымен бөлісті.
«Мен жақсы ойын болатынына сенімдімін. Екі команда да өздерінің үздік футболын көрсетіп, барынша жақсы нәтижеге жетуге тырысады деп ойлаймын. Өзім кезінде «Партизан» сапында ойнағаныма қарамастан, бірінші кезекте әдемі футбол үшін жанкүйер боламын», - деді Антич.
- Сондай-ақ оқыңыз: Димитар Димитров «Қайраттың» ЛЧ-дегі «Левскиге» қарсы матчтағы мүмкіндігін бағалады
Екі команда арасындағы алғашқы кездесу 6 тамызда Белградта өтеді. Ойынның басталу ысқырығы Астана уақытымен 00:00-де естіледі. Қарымта матч 13 тамызда Қостанайда өтеді.
Бұл жұптың жеңімпазы Конференция лигасы іріктеу плей-офф кезеңінде Испания чемпионатының өткен маусымдағы жетінші орын иегері – «Хетафемен» кездеседі. Осы кезеңнің ойындары 20 және 27 тамызда өтеді.
Айта кетейік, Никола Антич 2023 пен 2025 жылдар аралығында «Партизан» сапында өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде сербиялық қорғаушы Белград клубының құрамында 50 матч өткізген.