locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» үшін маңызды: УЕФА еурокубоктардың негізгі кезеңінде басты ережені өзгертті

Енді сары карточкалардың лимиті үш емес, төрт ескертуге жеткенде есептеледі
«Қайрат» үшін маңызды: УЕФА еурокубоктардың негізгі кезеңінде басты ережені өзгертті
ФОТО: Getty Images

УЕФА Атқарушы комитеті Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференциялар лигасының негізгі кезеңінің регламентіне сары карточкалардың лимитіне қатысты өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді футболшы немесе ресми тұлға қызыл карточка алмай, төрт ескерту жинаған жағдайда ғана бір матчқа шеттетіледі. Ал әрбір келесі екі сары карточка (алтыншы, сегізінші және т.б.) үшін де ойыншы бір ойыннан шеттетілетін болады.

УЕФА бұл жаңашылдықты негізгі кезең топтық кезеңнің орнына енгізілгендіктен, осы сатыдағы ойын саны алтыдан сегізге өскенін және бұрынғы пропорцияның бұзылғанын түсіндірді. Сондықтан бұл өзгеріс осы сәйкессіздікті түзетуге бағытталған.

Конференциялар лигасына да жеке назар аударылған. Бұл жарыстың негізгі кезеңінде бұрынғыдай алты ойын ғана бар, алайда футболшылар қыстағы трансферлік терезеде бір турнирден екіншісіне ауыса алатындықтан және түсінбеушіліктердің алдын алу үшін бұл ереже үшінші деңгейлі еурокубокқа да міндетті болып табылады.

Еске сала кетейік, 4 тамыздағы жағдай бойынша 2026/2027 маусымындағы еурокубоктардың негізгі кезеңіндегі Қазақстанның жалғыз өкілі – «Қайрат», және дәл осы алматылық клуб жаңа ережені алғашқылардың бірі болып сынайды.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie