locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Швентек Рыбакинамен матчтар неге үнемі қиын өтетінін түсіндірді

Польшалық теннисші Торонто турнирінің финалындағы жеңістен кейін қазақстандық спортшының мықты қырларын атады
Швентек Рыбакинамен матчтар неге үнемі қиын өтетінін түсіндірді
ФОТО: Getty images

Ига Швентек WTA 1000 санатындағы Торонто турнирінің финалында Елена Рыбакинаны жеңгеннен кейін матч туралы пікір білдірді. Польшалық теннисші қазақстандық спортшының қуатты ойыны оған қарсы кездесулерде ерекше зейін қоюды талап ететінін мойындады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Шешуші кездесуде Швентек екі сетте 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен ол таблодағы есеп матчтың қаншалықты қиын өткенін толық көрсете алмайтынын атап өтті.

«Елена - өте мықты қарсылас. Ол өзінің ең үздік теннисін көрсеткен кезде, оны тоқтату өте қиын. Сондықтан оған қарсы бір сәтке де босаңсуға болмайды. Берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, оңай ұпай сыйламауға тырысу керек. Өйткені ол кез келген қателікті бірден өз пайдасына жарата алады», - деді Швентек.

Швентек Рыбакинаның басты қаруларының бірі саналатын қуатты доп беруіне де тоқталды. Оның айтуынша, Еленаға қарсы ойында қарсылас ұпайларды жылдам алып жатқан сәттердің өзінде сабыр сақтай білу аса маңызды.

«Оған қарсы ойнау әрдайым қиын. Оның доп беруі қаншалықты қауіпті екенін және ұпайды қаншалықты тез аяқтай алатынын жақсы түсінесің. Мұндай кезде ең бастысы - сабыр сақтап, өз мүмкіндігіңді күту және бірнеше жоғалған ұпайдың ойын ырғағына әсер етуіне жол бермеу», - деп қосты Швентек.

ФОТО: Getty images

Қазақстандық теннисші үшін Торонто турнирі финалдағы жеңіліспен аяқталғанымен, Рыбакина жарыс барысында бірнеше ауыр кездесуден сүрінбей өтті. Ширек финал мен жартылай финалда ол алғашқы сеттен кейін есепті өзгертіп, камбэк жасап, Коко Гауфф пен Наоми Осаканы жеңді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie