Сәтбаев қатарынан үшінші кездесуінде гол соқты. Бұл жолы оған бір минут жеткілікті болды.
Лондонның «Челсиі» сатып алған Дастан Сәтбаев алматылық «Қайрат» сапында тағы бір матчта гол соқты. Өз алаңында «Атырауға» қарсы өткен ойынның бірінші минутында-ақ гол соқты.
Осы минутта есеп 2:0. Екінші голды Еркін Тапалов соқты.
Бүгінгі гол – Сәтбаевтың қатарынан үшінші голы. Бұған дейін ол «Атыраумен» сырт алаңда (сонымен қатар) екі гол соғып, нәтижелі пас берді, кейін «Каспиймен» кубок ойынында көзге түсті.
Сәтбаев биылғы чемпионатта барлығы 4 гол соқты (осы материал жарияланған кезде).
16 сәуірде Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де Алматыда «Қайрат» пен «Атырау» командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турының кейінге қалдырылған ойыны басталды. Бұл матчтың құрамын мына жерден көруге болады.