locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Бес гол, Сәтбаевтың дубль. «Қайрат» «Атырауды» жеңіп, қайта көш бастады

Футбол 06 сәу 2025 07:55
Бағдат Асылбек
Бағдат Асылбек
Репортер
«Қайрат» «Атырауды» жеңді
ФОТО: «Қайрат» ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турындағы ойында алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» 4:1 есебімен жеңді.

Бірінші тайм 0-0 есебімен аяқталды.

Екінші таймның басында лондондық «Челси» сатып алған алматылық «Қайраттың» жас таланты Дастан Сәтбаев екі гол соқты. Ол кездесудің 51 және 54-минуттарында гол соқты. Алдымен оның соққысынан кейін доп қақпаға қорғаушыға тиіп кірді. Сосын алаңның өз жартысынан алысқа лақтырған допқа бірінші жетіп, қақпашымен жеке-жеке шығып, допты қақпаның торына дәл көздеді.

Оның дубльінен кейін алматылықтар «Мұнайшы» стадионында өткен қонақта 2:0 есебімен алға шықты.

Көп ұзамай алаң иелері Цветелин Чунчуковтың күшімен бір голды қайтарып алды. Осыдан кейін Сәтбаев Юг Станоевичке ассист жасады. Матчтың қорытынды есебі Жоржиньо голынан кейін белгіленді. 1:4 «Қайраттың» пайдасына.

Кездесу соңында «Атырау» ойыншысы Чадунели алаңнан қуылды.

Осы жеңістен кейін «Қайратта» төрт кездесуден кейін 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде қайта көш бастады. «Астананың» ұпай саны бірдей, бірақ соғылған голдар мен жіберген голдардағы айырмашылығы алматылықтарда жақсырақ.

«Атырау» астаналық тағы бір «Жеңіс» командасымен бірге үш ұпаймен тоғызыншы орынды бөліп отыр.

Чемпионаттағы келесі ойында «Қайрат» пен «Атырау» қайтадан бірөбірімен ойнайды, өйткені командалар 12 шілдеде өтуі тиіс 16-тур матчын 16 сәуірде өткізуге келісті.

КПЛ. 4тур. 5 сәуір

«Атырау» – «Қайрат» – 1:4

Голы: Чунчуков, 57 – Сәтбаев, 54, Станоев, 71, Жоржинью, 80.

Командалар құрамы:

«Атырау»: Сиукаев, Барбоза, Чадунели, Гадрани, Асқаров, Гильерме, Капленко, Джуматов (к), Абзалов, Чунчуков, Цицкишвили.

«Қайрат»: Заруцкий, Луис Мата, Сорокин, Мартынович (в), Тапалов, Арад, Касабулат, Зария, Станаев, Жоржиньо, Сәтбаев.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie