«Қайрат» футболшысы Глейзер жарақаттан кейін алаңға оралды
Алматылық «Қайраттың» израильдік жартылай қорғаушысы Дан Глейзер Қазақстан Премьер-Лигасы аясында «Атырауға» қарсы өткен матчтағы (4:0) жеңіс пен жарақаттан кейін алаңға қайта оралуы туралы пікір білдірді.
— Жеңіске жету әрдайым жағымды, әсіресе 4:0 есебімен. Біз өте жақсы ойнадық. Ең бастысы — осы қарқынмен жалғастыру. Жексенбі күні бізді өте маңызды ойын күтіп тұр.
Біз өзімізді жақсы сезініп жүрміз, өзімізге сенімдіміз. Бапкерлік штаб әр ойынға тыңғылықты дайындайды. Әр жаттығуда біз бар күшімізді саламыз. Команда ішінде бәсекелестік жоғары — әрқайсымыз алаңға шығуға ынталы. Бұл өте маңызды, – деді футболшы.
Сондай-ақ, ол жарақаттан кейінгі жағдайына қатысты былай деді:
— Тұрақты ойнағанды жақсы көремін. Командаға қайта қосылып, осы ойында жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Ойнай алмаған кезеңнен кейін өзімді әлдеқайда жақсы сезініп жүрмін, – деді Глейзер алматылық клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.