locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

16 жасар Дастан Сәтпаев Қазақстан кубогындағы дебюттік голын соқты

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
16 жасар Дастан Сәтпаев Қазақстан кубогындағы дебюттік голын соқты
ФОТО: Қайрат ФК

«Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан Кубогында алғашқы голын соғып, маусымдағы нәтижелілігін жалғастырып келеді. «Каспийге» қарсы 1/8 финалдық ойында 16 жастағы футболшы 53-минутта есепті 3:0-ге жеткізді.

Бұл - Дастанның Қазақстан Кубогындағы алғашқы голы және 2025 жылғы маусымдағы төртінші нәтижелі соққысы. Бұған дейін ол Премьер-лигада үш рет көзге түсіп, «Атырау» қақпасына дубль жасап, Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең жас дубль авторы атанған болатын.

Ойын барысында алматылықтар толықтай басымдық көрсетіп, матчтың тағдырын ерте шешіп қойды десе де болады. «Қайрат» ширек финалға бір қадам жақындап тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie