Стас Покатилов Чемпиондар лигасында «Манчестер Юнайтедке» қарсы алғашқы минуттан алаңға шығады
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов 2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бірінші турда «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойынды алғашқы минуттан бастайды. Сонымен қатар 33 жастағы қақпашы «Сабахты» алаңға капитандық таңғышпен бастап шығады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Сабахтың» негізгі құрамы:
Покатилов – Маккарти, Дашдамиров, Пухач, Зедадка – Рахмоналиев, Лепиница, Пэррис – Нвачукву, Микелс, Симич.
«Манчестер Юнайтед» те кездесуге негізгі құрамға жақын ойыншыларын шығармақ.
«Манчестер Юнайтедтің» негізгі құрамы:
Ламменс – Мазрауи, Мартинес, Йоро – Бруну Фернандеш, Кунья, Доргу, Тилеманс, Мбемо, Майну, Шешко.
«Сабах» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Әзербайжандық клуб іріктеу барысында ТНС, КуПС, «Орхус» және «Хапоэль» Беэр-Шеваны жарыс жолынан шығарды. Ал Покатилов үшін «Олд Траффордтағы» кездесу клубтық мансабындағы ең мәртебелі матчтардың біріне айналмақ.
Матч 10 қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні «Олд Траффорд» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы.