Покатиловтың «Сабахтағы» серіктесі «Манчестер Юнайтедке» деген сүйіспеншілігін мойындады
«Манчестер Юнайтедтен» 0:4 есебімен ойсырай жеңілу «Сабахтың» барлық футболшысын бірдей ренжіткен жоқ. Кейбіреулері үшін бұл өздері жанкүйерлік ететін командаға қарсы өткен матч болып шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Стас Покатиловтың командаласы Тимотеуш Пухач «Олд Траффордтағы» матчтан кейін жанкүйерлерге барып, өзінің «Манчестер Юнайтедке» жанкүйерлік ететінін айтты. Ол стадионнан жағымды естелікпен — Маркус Рэшфордтың жейдесімен шықты:
«Сіздердің әлемдегі ең үлкен клуб екендеріңізді білемін — мен «Манчестер Юнайтедтің» жанкүйерімін. Иә, бұл ең керемет тәжірибе болды. Бүгінгі кештен кейін Бруно — үздік. Иә, жігіт [оған қарсы ойнау қиын болды]. Мен Рэшфордтың жейдесін алдым», — деді Пухач матчтан кейін жанкүйерлерге.
Қазақстан құрамасының қақпашысы секілді, Пухач үшін де бұл Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матч болды. Ол кездесуді толық 90 минут өткізді. Алайда бұл деңгейдегі алғашқы нәтижелі әрекетін әлі күтуіне тура келеді.