Стас Покатилов Чемпиондар лигасында «Барселонаға» қарсы ойнайды
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін Әзербайжанның «Сабах» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде испаниялық «Барселонамен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Монакода Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша Валдас Дамбраускас жаттықтыратын «Сабахтың» қарсыластары қатарында испаниялық «Барселона», ағылшынның «Арсеналы» мен «Манчестер Юнайтеді», сондай-ақ Германияның дортмундтық «Боруссиясы» бар.
Бұл ретте «Сабах» «Барселона» мен дортмундтық «Боруссияны» Бакуде қабылдайды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Покатиловтың Әзербайжан клубымен бірге Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуы ұлттық құрама бапкерлері үшін маңызды белгі болуы керегін айтқан. Оның пікірінше, алдағы Ұлттар лигасы матчтарында қақпадағы орынды дәл Покатиловқа сеніп тапсыруға негіз бар.