Стаc Покатилов Чемпиондар Лигасы матчындағы екі голдың себебін ашып айтты
Әзербайжандық «Сабах» клубының капитаны Стаc Покатилов Чемпиондар Лигасы плей-офф кезеңінің қарымта матчында Беэр-Шевадан келген «Хапоэльге» қарсы өткен ойында өз қақпасына өткен екі голды түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Сабах» қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңіске жетіп, екі матчтың қорытындысы бойынша қарсыластан 6:4 есебімен басым түсті. Осылайша, әзербайжандық клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Матчтан кейін Покатилов қақпасына өткен голдарды команданың сәтсіз ойынының немесе өрескел қателіктердің нәтижесі деп санамайтынын атап өтті.
«Не дегеніміз „сәтсіз голдар“ немесе „жылдам гол жіберу“? Кей адамдар қазір осы тақырыпты қазбалап, біреу қателік жіберді деп көрсетуге тырысады. Жоқ, бұл біздің ойынымыз, біз оны дәл осылай құрамыз — жылдам шабуылдарға сүйенеміз, кейде белгілі бір қателіктер немесе түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай, біздің ойын тәсіліміздің бір бөлігі. Тіпті, «Хапоэльдің» бапкері де футболдың ұсақ-түйектен тұратынын айтты. Олардың біздің жылдам шабуылдарымызға дайын болғаны анық. Сондықтан бұл қалыпты құбылыс. Біреулер мұны сәтсіз голдар деп айтуы мүмкін, бірақ мен бұған мүлде назар аудармаймын», — деді Покатилов.