Солтүстік Македония бапкері алдағы Қазақстанмен өтетін матч туралы пікір білдірді
Солтүстік Македония ұлттық құрамасының бас бапкері Благоя Милевский баспасөз мәслихатында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстанға қарсы өтетін ойын алдындағы үмітімен бөлісті.
«Әр матч маңызды, әр келесі ойын – ең маңыздысы. Сондықтан Қазақстанмен болатын кездесу біз үшін ең маңызды. Бұл тізімдегі бірінші ойын. Келісемін, өте қиын болады, қарсыласымыз алғашқы матчта Астанада өздерінің сапалы команда екенін көрсетті, олардың шеберлігі бар. Қазір оларда жаңа бапкер, жаңа философия қалыптасуда. Бұл жайтты ескеріп, талдау қажет, бірақ біз кез келген сынға жауап беруге дайынбыз».
Сондай-ақ маман келесі пікірін жеткізді:
«Біз Бельгиямен қиын матч өткіздік, алайда футболшылардың физикалық дайындығы еш қиындық тудырмауы керек. Барлығы алдағы кездесуде бар күшін салуға дайын», — деді Милевский.