Силвамен шектелмейді: Моуринью «Барселонадан» «Реалға» тағы бір ойыншыны алғысы келеді
Жазғы трансферлік терезеде мадридтік «Реал» қазірдің өзінде үш ірі трансфер жасады — Марк Кукурелья, Бернардо Силва және Ибрагима Конате құрамға қосылды. Бірақ Жозе Моуринью осы жетістіктермен тоқтағысы жоқ, деп хабарлайды Sports24.kz.
Diario As басылымының мәліметінше, португалиялық маман командаға тағы бір орталық қорғаушыны алуды көздеп отыр. Қазіргі таңда үш кандидат бар, олардың ең қалаулысы — «Манчестер Сити» сапындағы Рубен Диаш әзірге қолжетімсіз. Себебі «қалалықтар» оны сатқысы келмейді.
Ал қалған екі футболшымен келісу жеңілірек болуы мүмкін. Дортмундтық «Боруссияның» қорғаныс тірегі Нико Шлоттербек келісімшартында 50 миллион еуролық клаусула бар, бірақ бұл соманы азайтуға келіссөз жүргізуге мүмкіндік бар.
Моуринью жоғары бағалайтын тағы бір ойыншы — «Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони. Босния және Герцеговинаға қарсы әлем чемпионатына іріктеу матчында алаңнан қуылғаннан кейін итальяндық футболшының «Джузеппе Меацца» стадионын тастап кету ықтималдығы артты.
Осы қорғаушы үшін 70 миллион еуро сұралып отыр, оған дейін «Барселона» да қызығушылық танытқан болатын. Каталондық клуб бұған дейін Силваға да нақты қызығушылық білдірген, бірақ ақыры ол «Сантьяго Бернабеуге» ауысуды таңдады.