locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» жұлдызды ойыншысын трансферге қойды

Мадрид клубы Каррерасқа қатысты түбегейлі шешім қабылдады
ФОТО: Getty Images

«Реал Мадрид» жас қорғаушысы Альваро Каррерастың болашағына қатысты шешім қабылдап, қазіргі трансферлік терезеде ойыншымен қоштасуға дайын, деп хабарлайды Sports24.kz.

Vibes Foot басылымы Мигель Анхель Диасқа сілтеме жасап хабарлағандай, «корольдік клубтың» басшылығы Каррерасты сатуға түпкілікті шешім қабылдады. Бас бапкерлік штаб ойыншыны енді ұзақмерзімді жоспарларына қоспайды.

«Лос Бланкос» Каррерасқа қатысты барлық ұсыныстарға ашық және трансферді жақын арада аяқтағысы келеді. Клуб құрамды қысқартып, сатудан түскен қаражатты өзге басым трансферлік мақсаттарға қайта инвестициялауға ниетті.

Айта кетейік, осы маусымда испан қорғаушысы мадридтік клуб сапында барлық турнирлерде 40 матч өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Бұған дейін Жозе Моуринью «Барселонадан» «Реалға» тағы бір ойыншыны әкелгісі келетіні хабарланған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie