locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Шындық мынада…»: Лапорта Альвареске қатысты дауда «Атлетикоға» үн қатты

Каталон клубының президенті аргентиналық шабуылшыға қызығушылығын айқын көрсетті
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Шындық мынада…»: Лапорта Альвареске қатысты дауда «Атлетикоға» үн қатты
ФОТО: Getty Images

«Барселонаның» президенті Жоан Лапорта Мадридтің «Атлетикосының» шабуылшысы Хулиан Альваресті трансферлеу туралы дауға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Каталондық клуб басшысы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында аргентиналық ойыншыны қатарға қосу туралы «блауграна» ниетінің айқындығын тағы бір мәрте растады және «Атлетико» басшылығын ұсынысты қарастыруға шақырды:

«Шындық мынада, біз бұл ойыншыға қатты қызығушылық танытып отырмыз. Біздің ұсынысымызды қабылдағандарын қалаймыз және бұл сөзімізді «Атлетикоға» зор құрметпен жеткізіп отырмыз. Егер олар трансферлік терезе кезінде сатуға ашық болса, біз клубқа жіберген ұсынысымызға сәйкес ойыншыны сатып алуға дайынбыз», — деді Лапорта.

Соңғы қауесеттер бойынша, аргентиналық футболшыны «Арсеналға» ауысады деген сөз тарағанымен, Альварес бұл нұсқадан үзілді-кесілді бас тартты. «Атлетико» «канонирлердің» шарттарын қабылдауға бейім болғанымен, Альварес Англияға ата-анасына виза алу мәселесіне байланысты көшуден бас тартты. Оның үстіне, өзі де мансабын дәл «Барселонада» жалғастырғысы келеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie