locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ШҰҒЫЛ: Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады

Солтүстік Америкадағы әлем чемпионаты аңызға айналған шабуылшының соңғы турнирі болды
ШҰҒЫЛ: Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады
ФОТО: Getty Images

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси ұлттық құрама сапындағы өнерін аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

2022 жылғы әлем чемпионы Instagram парақшасында бұл шешімімен ешкімді ауыртқысы келмейтінін, өйткені мұндай шешім қабылдауға мәжбүр болғанын айтты:

«Осы 20 жыл бойы маған сыйлаған барлық махаббаттарыңыз үшін рақмет. Сіздердің дауыстарыңызды іштен естіп жүргенімді сағынатын боламын. Енді мен сіздердің біріңіз боламын, әрдайым сырттан қолдау көрсетемін — жақсы кездерде де, қиын кезеңдерде одан да көп қолдаймын.

Мені аргентиналық еткені үшін Құдайға рақмет… Алға, Аргентина! Мен бұл сөздерді 21 шілдеде, финалдан екі күн өткен соң жаздым. Бүгін, әкеммен болған жағдайдан кейін, бұл шешімге бұрынғыдан да қатты сенімдімін», — деді Месси.

Еске салайық, шілде айында Лионельдің әкесі Хорхе жүрегіне қатысты мәселелерден кейін өмірден өтті. Оның қайтыс болуынан кейін бірден «Алтын доптың» бірнеше дүркін иегері мансабын аяқтауға бейім болған еді.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie