locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сен тым көп сөйлейсің. Қазір айтшы»: «Реал» жұлдыздары Эль-Класикодан кейін Ямалға үн қатты

Эль-Класико нағыз эмоциялар сыйлады
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
«Сен тым көп сөйлейсің. Қазір айтшы»: «Реал» жұлдыздары Эль-Класикодан кейін Ямалға үн қатты
«Сен тым көп сөйлейсің. Қазір айтшы»: «Реал» жұлдыздары Эль-Класикодан кейін Ямалға үн қатты

26 қазан күні Испания Ла Лигасының оныншы туры аясында аңызға айналған «Сантьяго Бернабеу» стадионында мадридтік «Реал» мен каталониялық «Барселона» кездесіп, футбол сүйер қауымды тағы да дүр сілкіндірді.

Бұл жолғы Эль-Класикода «галактикос» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Фермин Лопестің голына жауап ретінде мадридтіктер Килиан Мбаппе мен Джуд Беллингемнің шебер орындауындағы доптарымен жауап қатты.

Фабрицио Романо бұл кездесуге қатысты қызықты инсайдерлік мәліметпен бөлісті.

Италиялық журналисттің айтуынша, Карвахаль, Винисиус Жуниор және командаластары Эль-Класикодан кейін Ламин Ямалмен диалог құрған:

«Сен тым көп сөйлейсің. Қазір айтшы», – деген сөздерді мадридтік ойыншылар «блаугранас» көшбасшысына арнаған екен.

Getty Images

Мадридтік «Реал» 27 ұпаймен Ла Лигада көш бастап тұр. Каталондық «Барселона» 22 ұпаймен екінші орында келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie