locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаев «Бернли» сапында алаңға оралғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Бернли» мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Уотфордқа» қарсы ойнады
ФОТО: «Бернли»

«Бернли» мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев «бордылар» сапында алаңға қайта шыққан сәттегі эмоциясымен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

18 жастағы қазақстандық шабуылшы Чемпионшиптегі «Уотфордқа» қарсы матчта алаңға қосалқы құрамнан шығып, шамамен 20 минут ойнады.

«Әлхамдулиллах, алаңға қайта оралғаныма қуаныштымын!» — деп жазды Сатпаев Instagram-дағы сторисінде.

Еске салайық, қазақстандық футболшы санның артқы бұлшықетіндегі жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт ойыннан тыс қалған еді. Ол қыркүйек айының басынан бері алғаш рет алаңға шықты. «Уотфордқа» қарсы сырт алаңдағы кездесуде Сатпаев 74-минутта Якоб Бруун Ларсеннің орнына ойынға қосылды.

Кездесудің соңында қазақстандық шабуылшы Англиядағы алғашқы нәтижелі пасын беруге шақ қалды: оның пасынан кейін Джейми Варди допты қақпаға бағыттағанымен, гол офсайдқа байланысты есепке алынбады.

Айта кетейік, «Бернли» қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, осы маусымдағы Чемпионшиптегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін Никки Хайеннің командасы сегіз тур бойы жеңіске жете алмаған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie