«Бәріне сыра!» — Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің келесі кезеңіне шығуын ерекше атап өтті
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің 1/8 финалына шығуын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық теннисші тартысты жеңіске жетіп, Қытайдағы турнирдің үшінші айналымында америкалық Брэндон Накашимадан басым түсті.
Жекпе-жектен кейін Бублик өзінің Telegram-арнасында видео жариялады. Кадрдан қазақстандық теннисшінің команда мүшесін сырамен сыйлағанын көруге болады.
Айта кетейік, Бублик пен Накашима арасындағы матч 2 сағат 29 минутқа созылып, Бубликтің үш сеттегі жеңісімен аяқталды: 6:7 (7:9), 6:3, 7:6 (7:5). Қазақстандық теннисші бірінші сетте тай-брейкте жеңіліп қалғанымен, ойынға қайта оралып, келесі екі партияда жеңіске жетті.
Шанхайдағы турнирдің ширек финалына шығу үшін Бублик Александр Зверевпен ойнайды. Неміс теннисшісі әлемдік рейтингте екінші орында тұр және турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады. Бублик пен Зверев арасындағы 1/8 финал матчы 14 қазанда өтеді.