Чемпиондық жақындап келеді: «Ордабасы» Йонсеннің хет-тригімен «Қайсарды» ойсырата жеңді
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясындағы сырт алаңдағы матчта «Қайсарды» ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Андрей Мартиннің командасы 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетіп, чемпиондық атақты жеңіп алуға кезекті маңызды қадам жасады.
Шымкенттік қонақтар бірінші таймды 2:0 есебімен алда аяқтады. Норвегиялық Бьорн Йонсен дубль жасады. Клайдер үзіліске дейін бір гол соғып, өз командасының жанкүйерлеріне үміт сыйлады.
Алайда екінші таймның басында Дэвид Абагна интриганың қайта жандануына жол бермей, қонақтардың екі голдық басымдығын қалпына келтірді. Ал матчтағы соңғы нүктені хет-трик рәсімдеген Йонсен қойды.
Осылайша, «Ордабасы» чемпиондық титул үшін күрестегі басты қарсыласы «Қайраттан» төрт ұпай алда келеді. Ал «Қайсар» 24 ұпаймен соңғы орындардың бірінде тұр және элитадағы орнын сақтап қалу үшін жанкешті күресін жалғастыруда. ҚПЛ маусымының аяқталуына үш тур қалды.
17 қазанда Андрей Мартиннің командасы «Ақтөбеге» қарсы ойнайды. Қызылордалық ұжым сол күні «Жетісумен» кездеседі.
ҚПЛ, 28-тур
«Қайсар» – «Ордабасы» 1:4
Голдар: Клайдер, 45 – Йонсен, 15, пенальтиден, 33, 72, Абагна, 53