Чесноков РПЛ-де жалғастырады: трансфер сомасы мен ойыншы жалақысы
«Тобылдың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков мансабын Ресейдің «Крылья Советов» клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл ақпаратты ресейлік футбол инсайдері әрі журналист Иван Карпов растады. Сонымен бірге дереккөз алдағы трансфердің егжей-тегжейін ашып көрсетті.
Трансфер сомасы
Карповтың мәліметінше, Қазақстан құрамасының 26 жастағы вингері «Крылья Советовқа» жалға беріледі. Келісімшартта Чесноковты міндетті түрде 250 мың еуроға сатып алу шарты бар.
Футболшының жалақысы РПЛ-де
Исламның Ресейдегі айлық жалақысы 2,8 миллион рубль болады деп хабарланады. Бұл сома қазақстандық валютаға шаққанда шамамен 15,7 миллион теңгені құрайды.
Чесноковтың ахуалы қалай?
13 тамызда Ислам «Тобылға» оралғаннан кейін алғашқы голын соқты. Вингер ЛК іріктеуіндегі «Партизанға» қарсы қарымта ойында есеп ашқанымен, бұл костанайлық клубтың қажетті нәтижеге қол жеткізуіне жеткіліксіз болып, «Тобыл» УЕФА Конференция лигасынан шығып қалды.