locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Here we go: Испания батыры 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін «Барселонадан» кетеді

Ферран Торрес өз мансабын Чемпиондар лигасының жеңімпазында жалғастырады
Here we go: Испания батыры 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін «Барселонадан» кетеді
ФОТО: Getty Images

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасының қаһарманы атанған, жеңіс голының авторы Ферран Торрес жазғы трансферлік терезеде «Барселонадан» кетуге бел буды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Фабрицио Романоның ақпаратына сүйенсек, 26 жастағы қаптал шабуылшысы каталондық клубты Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы – ПСЖ-ға ауыстырады. Париждік клуб Торрес үшін «блаугранаға» 50 миллион еуро төлейді.

Клубтарға келісімді толық аяқтау үшін бірнеше күн қажет болды, енді мәміле толығымен біткен. Ойыншыға тек медициналық тексеруден өтіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазымен келісімшартқа қол қою ғана қалды.

Еске сала кетейік, «Барселона» Торресті 2022 жылдың басында «Манчестер Ситиден» 55 миллион еуроға сатып алған еді. Оның каталондық клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды болатын. «Блауграна» сапында Торрес 207 матчқа қатысып, 65 гол соқты және 23 нәтижелі әрекет жасады.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie