locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Самородов пен Кенжебек РПЛ клубында бас бапкерсіз қалады

Ресейлік бапкер Станислав Черчесов грозныйлық «Ахматтан» кетеді
Футбол
ФОТО: Ахмат

Ресейлік бапкер Станислав Черчесов грозныйлық «Ахматтан» кетеді, бұл туралы Sports24.kz Championat.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Грозныйлық команда маусымды сәтсіз өткізіп жатыр. 13 турдан кейін «Ахмат» 11 ұпаймен Ресей Премьер-лигасының турнир кестесінде соңғы алдындағы, 15-орында тұр.

31 қазанда грозныйлықтар мәскеулік «Динамоға» 0:2 есебімен еш мүмкіндіксіз есе жіберіп, онсыз да қиын турнирлік жағдайын ушықтыра түсті.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының екі ойыншысы — Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді. Самородовтың осы маусымда барлық турнирде өткізген 13 матчында бір голы және екі нәтижелі пасы бар. Кенжебек алаңға алты рет шығып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie