Ерекше сәт: Кейн «Алтын допты» «Бавария» жанкүйерлеріне табыстады. ВИДЕО
«Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн Дортмундтың «Боруссиясына» қарсы Бундеслигадағы өз алаңындағы матч алдында жанкүйерлер үшін ерекше сәт сыйлады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ағылшын футболшысы «Альянц Арена» трибунасына шығып, жанкүйерлерге өзі жеңіп алған «Алтын допты» табыстады.
Шабуылшы беделді жүлдені жай ғана көрсетіп қоймай, жанкүйерлерге әсерлі сөз арнады. Кейн мансабында осындай биіктерге олардың қолдауынсыз жету әлдеқайда қиын болатынын атап өтті.
««Баварияның» ойыншысы екенімді мақтан тұтамын. Сіздердің қолдауларыңызсыз жеткен жетістіктеріме ешқашан қол жеткізе алмас едім. Бұл «Алтын доп» — сіздер үшін!» — деді ағылшын футболшысы.
2025/26 маусымындағы әлемнің үздік футболшысын анықтаған дауыс берудегі жеңіс Мюнхен клубы үшін тарихи сәтке айналды. Кейн соңғы 45 жылда бұл жүлдені иеленген «Баварияның» алғашқы ойыншысы атанды. Команданың мұндай биікке соңғы рет жеткен өкілі 1981 жылы Карл-Хайнц Румменигге болған.
Ал Der Klassiker матчының өзіне келсек, «Бавария» мен «Боруссия» 2:2 есебімен тартысты тең түсті, ал Кейн 51-минутта пенальтиден гол соға алмады.