locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналду «Әл-Насрдағы» болашағына қатысты шешім қабылдады: не белгілі

Роналду «Әл-Наср» басшылығына клубтан кетуі мүмкін екенін ескертті
Футбол
Роналду «Әл-Насрдағы» болашағына қатысты шешім қабылдады: не белгілі
ФОТО: Getty images

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду 2026/27 жылғы маусым аяқталғаннан кейін Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубынан кетуі мүмкін. 365Scores басылымының мәліметінше, 41 жастағы футболшы бұл жөнінде команда басшылығына алдын ала ескерткен, деп хабарлайды Sports24.kz.

Дегенмен «Әл-Наср» өз көшбасшысымен қоштасуға асығар емес. Клуб басшылығы бес дүркін «Алтын доп» иегерін келісімшартын ұзартуға және Сауд Арабиясы чемпионатында өнер көрсетуін жалғастыруға көндіруге ниетті.

Сонымен қатар командада Роналдуға арналған ауқымды қоштасу матчын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Егер португалиялық футболшы клубтан кетуді түпкілікті шешсе, басшылық осылайша оның жетістіктері мен команда тарихына қосқан үлесіне құрмет көрсетуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Роналду «Әл-Наср» сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. 2025 жылдың жазында ол саудиялық клубпен келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартқан болатын. Алайда футболшының командадағы болашағына қатысты түпкілікті шешім әзірге жарияланған жоқ.

Бұған дейін, 5 қарашада, Роналду 23 жыл бойы намысын қорғаған Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Енді оның клубтық деңгейдегі болашағы да белгісіз болып отыр.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie