«Бұл тамаша жекпе-жек болар еді». Бенавидес Әлімханұлы мен Канелоның айқасын көргісі келеді
WBA және WBO нұсқалары бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Дэвид Бенавидес атақты мексикалық Сауль «Канело» Альварестің келесі қарсыласы ретінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын көргісі келетінін мәлімдеді.
«Меніңше, бұл туралы сөз қозғаған екенбіз, мен көргім келетін әрі тамаша жекпе-жек болар еді деп ойлайтын жалғыз айқас — Жәнібекке қарсы кездесу. Бірақ мұның ешқашан болмайтынын ойлаймын», — деді Бенавидес Fight Hub TV YouTube арнасына берген сұхбатында.
Әлімханұлының кәсіпқой рингтегі 17 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Жәнібек келесі жекпе-жегін жеңіліп көрмеген дат спортшысы Якоб Банкке қарсы 2027 жылғы 23 қаңтарда өткізеді. Альварестің кәсіпқой бокстағы 69 жекпе-жегінде 64 жеңісі, үш жеңілісі және екі тең нәтижесі бар.
