locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл аңыз». Умар Кремлев Головкинмен арасында қақтығыс бар-жоғын айтты

Халықаралық бокс қауымдастығының президенті ымыраға келудің жолдарын іздеуге дайын
Бокс
ФОТО: Getty images

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкинге деген көзқарасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Геннадий Головкин – аты аңызға айналған спортшы, мен оны терең құрметтеймін. Ешқандай қақтығыс немесе текетірес жоқ. Біз кез келген нұсқаға ашықпыз. Спортшылар өз таңдауы бойынша кез келген жарысқа еркін қатыса алуы үшін күнтізбемізді соған сай жасаймыз. Біз үшін ең маңыздысы – боксшыларға тамаша жағдай жасау», – деп Кремлевтің сөзін IBA-ның ресми сайты келтіреді.

Еске салайық, 2023 жылы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) сыбайлас жемқорлық, басқару және қаржыландыру мәселелеріне байланысты Халықаралық бокс қауымдастығын мойындаудан айырды. ХОК пен IBA арасындағы қарым-қатынастың үзілуіне жауап ретінде World Boxing халықаралық спорт ұйымы құрылды.

ФОТО: Getty images
Тимур Салимов
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie